АО “Казахстанский институт развития индустрии” От Стратегического Консалтинга до Отраслевых Решений

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Инвестициялық жол картасы жүзеге асырылады

Опубликовано: 13 Июня, 2018г. 12:45 | 94

Бейжіңде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумы түзілді.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Жансүгіров бүгінгі  таңда ҚХР тарапынан Қазақстанға деген инвестициялық қызығушылық өте жоғары екенін атап өтті.

«Елдер арасындағы  инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту  қазақстандық экономиканың  инвестициялық тартымдылығын  нығайту мен  ұлттық қызығушылықтарды тиімді сақтау үшін  аса маңызды. Осы орайда, өндірістік қуаттылық пен инвестиция саласындағы ынтымақтастық жоспарын әзірлеу аясында  аталмыш меморандум  түзілді», - деді Б.Жансүгіров.

Басқарма Төрағасының орынбасары айтып өткендей, аталмыш құжат инвестициялық  жол картасына айналып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін  арттыруы керек.

«Аталмыш меморандумның тетіктері -  ол «Белдеу  және  жол» бастамасы, «Қытайда жасалған-2025» және «Интернет+» бағдарламаларын «Нұрлы жол», ИИДМБ және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларымен интеграциялауға бағытталған. Аталмыш міндеттерді орындау үшін ынтымақтастық жоспары  салалық өнеркәсіптік,ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым және қызмет көрсету  салаларын   дамытуды терең зерттеу  арқылы екі елдің аталмыш салаларындағы  ынтымақтастық әлеуетін анықтайды», - деді Б.Жансүгіров.

Болат Жансүгіровтың айтуынша, меморандумды орындау  мен ынтымақтастық  жоспарын әзірлеу  ҚХР МДРК  мен  ҚР ИДМ төрағалығымен қазақстандық тараптан: Қазақстандық индустрия дамыту институтына, Қытай тарапынан: Қытай дамыту банкі мен Қытай халықаралық инженерлік консалтингтік корпорацияға жүктеледі.

Ынтымақтастық жоспарын әзірлеуді аяқтау  2018 жылдың соңына жоспарланып отыр. Құжат әзір болған соң қоғам назарына ұсынылады.

Айта кетейік, 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде  Жібек жолы  экономикалық белдеуін  құру бастамасын ұсынды. Әлемдік дағдарыс жағдайында аталмыш бастама Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен  сауда байланыстарын дамыту үшін инфрақұрылымдық инвестицияларды ұсынды. Одан әрі Оңтүстік-шығыс Азия елдері арқылы өтетін Теңіз Жібек жолын құру бастамасы  ұсынылды. Кейін ол екі жоба бірігіп «Белдеу және  жол»  тұжырымдамасын құрады.  

Сонымен қатар, «Белдеу және  жол» бастамасының нәтижесінде Қазақстан Тынық  мұхитында  Ляньюньган  портының терминалын құруға мүмкіндік алды. Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан  контейнерлер аталмыш жол  арқылы Еуропаға 12-15 күнде жетеді.

Жібек жолы экономикалық белдеу   жолында қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорындар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 28 млрд доллардың  51 бірлескен  жобасы топтасқан. Оның  11-і қазіргі таңда жүзеге асырылуда. 2018 жылы 363 млн теңгенің  6 жобасын іске  асыру жоспарланған.

Аягөз Құрмаш

Источник: strategy2050.kz

Хотите всегда быть в курсе событий индустриализации в стране и мире?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram