АО “Казахстанский институт развития индустрии” От Стратегического Консалтинга до Отраслевых Решений

Отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі талқыланды

Опубликовано: 26 Мая, 2018г. 7:55 | 181

Астана қаласында «Қазақстанның өндірістік саясаты: кәсіпорындар бәсекелестігін арттыру арқылы еңбек өнімділігін көтеру мәселелері» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Инвестициялар және даму инистрлігінің өкілдері, «Еңбек өнімділігі» ЖШҚ (Ресей), Brit компаниялар тобының негізін қалаушы және жетекшісі (Ұлыбритания), «Өңдеуші өнеркәсібі одағы» ЗТБ, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізген кәсіпорындар өкілдері, шетелдік сарапшылар, даму институттарының, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың, консалтингтік компаниялардың, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері және т. б. қатысты.

https://aikyn.kz/files/2018/05/kon-1-640x425.jpg

Еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша сарапшы Сергей Смирнов  әлемнің дамыған елдерінде көптеген жылдар бойы табысты қолданылып келген TWI («Training within industry» – » (Өндіріс салалар бойынша оқыту) технологиясы туралы баяндама жасады.

–Егер де сіздің жұмыскерлеріңіз бен машиналарыңыздың күн сайыңғы еңбектерінің өнімділігі айналаңыздағы бәсеклестеріңізге қарағанда төмен болса, бұл бәсекелестік жұмысшыларға жоғары жалақы төлеуге мүмкіндік бермейді. Және жоғары жалақыға қатысты өзара бәсекелес компанияларға келтірілген салыстырмаларды аймақтарға және елдерге қатысты келтіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, ең жоғарғы әл-ауқаттылыққа, дәулеттілікке тек максималды өнімділік арқылы қол жеткізуге болады, – деді сарапшы.

Сонымен қатар, алаңда британиялық BRIT Education & Travel компаниясының негізін қалаушысы және жетекшісі Сослан Саламов баяндама жасады.  Бұл компания ресейлік  компаниялар басшыларының және ресейлік кәсіпкерлердің Ұлыбританияға іскерлік сапарларын және тәжірибе алмасулары үшін бағдарламалар ұйымдастырумен айналысады,  олардың мақсаты британдық экономиканың нақты салаларында, оның ішінде профильді кәсіпорындарды қоса алғанда бизнесті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады және мамандандырылған көрмелерге қатысу.

«Қазіргі заманда ағылшын тілінсіз жоғары мансапты елестету мүмкін емес. Бизнестің кейбір салаларында  шет тілінде еркін сөйлеу және арнайы салалық лексиканы жетік білу табысты адамның  сапасын айқындайды. Басшылар мен менеджерлер, орта және жоғары буын үшін бірқатар тілдік деңгейді арттыруға және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған  мамандандырылған бағдарламалар бар. Біз бұл бағдарламалардың кез келгенін ұйымдастыра аламыз, –деді Сослан Саламов.

Конференцияның мақсаты мемлекеттік секторлар мен бизнес-қоғамдастықтар арасындағы диологтік алаң ұйымдастыру болып табылады. Экономиканың басым секторларындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірістік кәсіпорындарындағы бәсекеге қабілеттілікті көтеруге бойынша ынталандыру шаралары мен әлеуетін талқылауға арналды. Сондай-ақ конференцияда халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың бар шараларының тиімділігі мен жаңа қолдау құралдарын жасау мүмкіндіктері  талқыланды.

Еркін ҚАЛДАН

Источник: aikyn.kz

Хотите всегда быть в курсе событий индустриализации в стране и мире?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram